Жаңалықтар

Проактивті қызметтер

Проактивті қызметтер

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мемлекеттік қызметі. Азамат алғашы қуанышы ол әрине өзінен өрбіген ұрпақтың дүниеге келуі. Қуанышты сәттерде ең бірінші куәлігін жасау үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіретініміз сөзсіз. Қазіргі уақытта аталған мемлекеттік қызмет түріне бірақатар өзгерістер енгізілген, проактивті түрде туу туралы куәлік алуға болады ол дегеніміз бала туыла салысымен анасына құттықтау смс келеді, сол жерде баланың есімін қойып қарапайым сұрақтарға жауап беруін өтінеді. Міне сол смс арқылы құжат рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Екінші жолы, ол электрондық үкімет порталы арқылы тапсыру, ол үшін төмендегідей қарапайым төрт жолды таңдау керек: Қызметті онлайн алу (қажетті құжаттар) Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет). Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз. Хабарламада көрсетілген уақытта АХАЖ-ға бару, өзімен бірге: туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасы; неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы; ананың жеке куәлігінің түпнұсқасы; әкенің жеке куәлігінің түпнұсқасы болуы қажет. Әрине жоғарыда аталған екі жолмен тапсыру қиын болса немесе онлайн тапсыруға мүмкіндік болмаса онда халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады.    

№2 Халыққа қызмет көрсету бөлімі басшысы

Б.Т.Тургынбаев.