сейсенбі, 18 наурыз, 2025 22:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Прокуратура Меркі ауданындағы колледждер үшін «Жетекшілік» институтын іске асыруды жалғастырды

Прокуратура Меркі ауданындағы колледждер үшін «Жетекшілік» институтын іске асыруды жалғастырды
Жамбыл облысының прокуратурасы
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Меркі ауданының колледж студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ колледж директорлары қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ауданда жыл сайын ауыл шаруашылығы, дәнекерлеу, агрономия, тамақтандыру ұйымы және токарлық іс салаларында 500-ден астам маман даярлайтын екі колледж жұмыс істейді. 

Жұмысқа орналасу жас адамның білікті маман ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарады, бұл өз кезегінде құқық бұзушылық деңгейіне әсер етеді. 

Талдау нәтижелері көрсеткендей, Меркі ауданында 245 қылмыстың 203-і, яғни 90%-ы жұмыссыздар тарапынан жасалған, олардың ішінде 7 адам орта арнайы білім алған. 

Осы статистикаға назар аудара отырып, Нұрғалым Әбдіров колледж түлектерінің мамандықтарына сәйкес ірі өндірістік кәсіпорындарда жұмысқа орналасу практикасын қалыптастыру қажеттілігін атап өтті. 

Прокуратураның бастамасымен аудан колледждері мен «Меркі шипажайы» АҚ және «Меркі тәжірибе шаруашылығы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның аясында ірі кәсіпкерлер өз қаражаттары есебінен біліктілікті арттыру шараларын өткізу міндеттемесін алды. 

Прокурорлар сондай-ақ «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіпорындағы еңбек жағдайларымен танысып, жұмысшылармен әңгімелесті. 

Бұл оң қадамдар аймақтағы қылмыстық жағдайды жақсартуға әсер ететіні сөзсіз.

Сонымен қатар, кездесуде түлектерге қамқорлық көрсету және оларды жұмысқа орналастыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 

Колледж студенттері бұл іс-шараны оң қабылдап, өз қолдаулары мен бастамаларын білдірді.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар