Жаңалықтар

Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы Азамат Ғарифолла сотталушыларға пара алды және қаржы жымқырды деген айып тағылып, кінәсі толық дәлелденгенін айтты. Ол Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовті 13 жылға, оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовты 11 жылға, кәсіпкер Евгений Евковичті 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Нұрлан Мәсімовтің өзі де, адвокаттары да кінәсін мойындамай, жарыссөзде қаңтар оқиғасынан кейін фамилиясына бола жапа шеккенін мәлімдеді.