Жаңалықтар

Прокурорлар 800 инвестордың құқығын қорғады

The final spritzer

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Ризат Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді

Прокурорлар 800-ден астам инвестордың құқықтарын қорғап, олардың ел экономикасына қосқан үлесі 12 трлн теңгеден асқан, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазіргі таңда прокурорлық сүйемелдеумен жалпы құны 42 трлн теңгеге 900 жоба жүзеге асырылуда. Бас прокуратура инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында бірқатар жаңа тетіктерді әзірледі. Олардың қатарында «жасыл дәліз» шарттарының жеңілдетілген жүйесі, инвестициялық процестердің ашықтығын қамтамасыз ететін цифрлық инвестициялық платформа және инвесторларды заңсыз шешімдер мен негізсіз тексерулерден қорғайтын «прокурорлық сүзгі» жобасы бар.