Жаңалықтар

ПСИХОЛОГ МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

ПСИХОЛОГ МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психологиялық қызметін жетілдіру және сотталғандарды, оның ішінде жазаның ұзақ мерзіміне 2022-2024 жылдарға арналған психологиялық қолдауды күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарының 15,17 тармағын іске асыру мақсатында сотталғандарды психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын ҚАЖД Жамбыл облысы бойынша N 59 мекемесінің психологтары “Балинт топтары” Ережесіне сай азаматтық сектордағы мамандарымен кездесулер өткізілді. “Балинт тобының” негізгі мақсаттары: эмоционалды күйзеліс синдромының алдын- алу; кәсіби тұлғааралық қарым-қатынаста дағдылар мен құзыреттілікті арттыру; маманның клиентпен кәсіби қарым-қатынасын тежейтін жеке мәселелерді түсіну; алқалық қолдау және қиын жағдайларды бірлесіп зерттеу арқылы мамандардың психикалық жағдайын жақсарту; тәжірибені дамыту және маманның өмір сапасын арттыру; клиенттің мәселелерін және онымен күрделі қарым-қатынастың себептерін түсінуді жақсарту.