дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 22:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Психологиялық тренингтердің маңызы зор

Психологиялық тренингтердің маңызы зор
ашық дереккөзі
Психологиялық тренингтердің маңызы зор
Психологиялық тренингтердің маңызы зор Жаза басып жаңылып, түзеу мекемесіне тоғытылғандарға ең алдымен психологиялық көмек көрсетіледі. Арнайы мамандар жазасын өтеуші жабық мекемеге келген күннен бастап психодиогностика жұмыстарын жүргізіліп, психологиялық портрет жасалады. Осылайша, олардың мінез-құлқы, ерекшелігі, өз-өзін бағалау қасиеттері анықталады. №26 түзеу мекемесінде сотталғандар арасында психологиялық тренингтік сабақтары жиі жүргізіледі. Тренинг барысында кеңес беру, топтық және жеке психокоррекциялық жұмыстары жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қорыта айтқанда, мұның бәрі жазасын өтеушілер арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алып, еркін өмірге бейімделуіне өз септігін тигізеді. Айта кетейік, сотталғандардың өз-өзіне зақым келтіру қаупін анықтауда «Ақ сұңқар» психодиогностикалық аппараты маңызды рөл атқарады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар