Жаңалықтар

Путин Қазақстанға не үшін келе жатыр? Вице-премьер жауап берді

Путин Қазақстанға не үшін келе жатыр? Вице-премьер жауап берді

Үкіметте өткен баспасөз отырысында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин

 Владимир Путиннің «Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара маңы ынтымақтастығы өңіраралық форумына» келетінін айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо  ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, бұл сапар екі елге де тиімді. Журналистер «Үкімет Ресей президентінің сапарына байланысты толқудан қорықпай ма?» деп сұрады.

Ол форумға сарапшылар мен өңір басшыларының келетінін, өңіраралық келісімдерге, ең әуелі, сауда-экономикалық келісімдерге қол қойылатынын айтты.

2023 жылғы 9 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді. Сапар барысында екі ел басшыларының келіссөздері жоспарланған, оның барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланады. Сонымен қатар президенттер бейнеконференцбайланыс арқылы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады.