Путин ТМД елдерінің президенттеріне сыйға сақина тартты
Путин ТМД елдерінің президенттеріне сыйға сақина тартты
26 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Достастықтың бейресми саммитіне қатысқан ТМД елдерінің президенттері РФ басшысы Владимир Путиннен сыйлық алды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Жаңа жыл қарсаңында Ресей президенті Владимир Путин ТМД елдерінің президенттеріне Достастық символикасы бар сақиналарды сыйға тартты. Ақ және сары алтынға ұқсас металдан жасалған әрбір сақинада ТМД елдерінің рәміздері, "Жаңа 2023 жыл құтты болсын" деген жазу, сондай — ақ саммит өткен елдің атауы - Ресей деген жазу кездеседі. Сыйлықты келесі елдердің басшылары алды:
- Беларусь Президенті Александр Лукашенко;
- Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев;
- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев;
- Қырғызстан президенті Садыр Жапаров;
- Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон;
- Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов;
- Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев;
- Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян.
Владимир Путин сақиналардың бірін өзіне қалдырды. Лукашенко көп күттірмей сақинаны бірден тағып алды.