жұма, 23 мамыр, 2025 7:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған марапат қағазын табыстады

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған марапат қағазын табыстады
Aqorda
Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтан соң Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше маңызы бар тарихи құжатты табыс етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл – Ресей Қорғаныс министрлігінің архивінен алынған, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынған марапаттау парағы.

Құжатта Кемел Тоқаевтың Польша аумағында өткен ауыр шайқастардағы ерлігі нақты сипатталған. Ол жау қорғанысын бұзып өтіп, бөлімшесінің алға жылжуына жол ашқан. Осындай батылдығы мен ержүректігі үшін Кемел Тоқаев ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Бұл – сол кезеңде айрықша ерлік көрсеткен сарбаздарға берілетін жоғары наградалардың бірі.

Кеңес Одағының Батыры атағы оған берілмегенімен, мұрағат деректерінің қайта ашылуы арқылы Кемел Тоқаевтың ерлігі әділетті бағасын алуда. Бұл – тек Тоқаев әулеті үшін ғана емес, жалпы ел тарихы үшін де маңызды оқиға.

Айта кету керек, соғыстан кейін Кемел Тоқаев қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан тұлға ретінде де танылды. Ол – қазақ детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі, жазушы, журналист, қоғам қайраткері.

 

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар