Путин запастағы әскерилерді шақыру туралы жарлыққа қол қойды
Ресейде жыл сайынғы әскери жиындар басталды.
Ресей президенті Владимир Путин запастағы ресейліктерді әскери жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық бойынша нақты қанша адамның шақырту алатыны және әскери жиындардың қанша уақытқа созылатыны белгісіз, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Президент Владимир Путин қол қойған жарлық 16 қаңтарда жарияланып, күшіне енді.
Құжатта қанша азаматқа шақырту қағазы жіберілгені көрсетілмеген.