«Qnet» қаржы пирамидасының басшылары қамауға алынды
Көкшетауда «Qnet» қаржы пирамидасының басшылары 2 айға қамалды, деп хабарлайды Ақмол облысы бойынша Қаржы мониторингі департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласының аумағында «Qnet» халықаралық компаниясы өнімдерінің интернет-саудасын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасының басшылары тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Қылмыстық істі тергеу аясында күдіктілер Қылмыстық процессуалдық кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Көкшетау қалалық ПБ уақытша қстау оқшаулағышына қамалды. Сонымен бірге, Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктілерге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесінде жария етілмейді», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала