Жаңалықтар

«Qnet» қаржы пирамидасының басшылары қамауға алынды

«Qnet» қаржы пирамидасының басшылары қамауға алынды

Көкшетауда «Qnet» қаржы пирамидасының басшылары 2 айға қамалды, деп хабарлайды Ақмол облысы бойынша Қаржы мониторингі департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласының аумағында «Qnet» халықаралық компаниясы өнімдерінің интернет-саудасын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасының басшылары тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.