Жаңалықтар

ҚР Үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы Қаулы қабылдады

ҚР Үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы Қаулы қабылдады

Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды. ҚР Үкіметі тиісті Қаулы қабылдады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады. Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады. Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.