Жаңалықтар

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдерге үндеу жариялады

Елімізде білім саласында 600 мыңға жуық педагог еңбек етіп жүр

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ол ұстаздың мамандық иесі ғана емес, ол өскелең ұрпақтың рухани бағбаны, болашақтың негізін қалаушы ұлт келбеті екенін айтты. Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұстазды құрметпен төрге оздырған.

Оның пайымынша, ұстаздардың еңбектері — еліміздің жарқын әрі бақытты болашағының негізі. Олар халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтарына құрметпен қарап, қадірлейтін саналы ұрпақ қалыптастыруға бар жан-тәнін салады.