ҚР Қорғаныс министрі: "Бастысы – экипаждың жайын анықтау және туыстарына қолдау көрсету"
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жоғалған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстарының барысымен жеке танысты.
Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов қорғаныс ведомствосының басшысын Сорбұлақ көліндегі іздестіру жұмыстарының барысынан хабардар етті, ондағы табиғи және техногендік ерекшеліктер барынша техникалық жарақтандыруды және операцияға қатысушылардың іс-қимылдарын нақты үйлестіруді талап етеді.
Сол іздеу жүріп жатқан аймақта авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жоғалған ұшқыштардың туыстарымен кездесті. Министр оларға қолдау білдіріп, операция тәулік бойы жалғасатынын, барлық ресурстар жұмылдырылғанын және әскерилер жолдастарын табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.
Үйсенбай Нұржігіт тікұшақ экипажы командирінің үлкен ағасы Медет Ержігіттің айтуынша, таңертеңнен кешке дейін ұшқыштардың туыстары жедел штаб орналастырылған іздеу орнында. Олар іздеу тобының құрамында Сорбұлақ көлін айналып өтіп, әуеден тікұшақтың су түбінен көру мүмкін еместігіне көз жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, іздестіру операциясына 400-ден астам адам, кинологиялық топтар, 70-тен астам жерүсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, суасты сканерлеу құралдары жұмылдырылған.