жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қордай жерінде

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қордай жерінде
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қордай жерінде
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Қордай ауданына жұмыс сапарымен келді. Сенаторды сапарда аудан әкімі Бегзат Болатбеков бастап жүрді.

Киелі Қордай жеріне ат басын бұрған Сенат депутаты өз сапарын Қырғызстан мен Қазақстан аумағында индустриялық сауда-логистикалық кешеннің құрылыс орнынан бастады. Аталған нысанның салынуы арадағы делдалдардың санын азайтуға, тұтынушылар үшін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және жеткізу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік тудырмақ. Индустриалды сауда-логистикалық кешен концепциясын аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Алмас Алимхожаев таныстырды. Сенатор болса, өз кезегінде, концепцияны тағыда пысықтау қажеттігін атап өтті.

Жұмыс сапарының кезекті нүктесі – Қарасу ауылында құрылысы жүріп жатқан спортық-сауықтыру кешенінде жалғасын тапты.  Кешен құрылысын «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС жүргізуде. Бірнеше айда құрылыс толығымен аяқталып, дене шынықтыру-сауықтыру кешені ауыл тұрғындарына есігін айқара ашады деп жоспарлануда. Яғни, ауылда тұрақты түрде спортпен шұғылданатын азаматтардың саны едәуір артады.  Кешен құрылысы туралы аудандық құрылыс, қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысы Елдос Мендекеев баяндап берді. Сенатор болса жұмысты мерзімінен кешіктірмей аяқтауды тапсырды.

Келесі кезекте Сенат депутаты Қордай ауылындағы «Батыс» ықшам ауданында салынып жатқан аудандық полиция бөлімі ғимаратының құрылыс барысымен танысты. Жұмыс қарқыны жаман емес, жоспарланған уақытта ауданымыздың тәртіп сақшылары жылы да жайлы ғимаратта қызметтерін жалғастырады деп күтілуде. Бекболат Орынбеков мұндай құрылыс облысымызда тек біздің ауданда жүріп жатқанын атап өтті. Ал мердігерге жұмсты сапалы орындап, нысанда белгіленген мерзімде өткізуді тапсырды.

Халыққа қызмет көрсету орталығы – аудан халқы үшін аса маңызды мекемелердің бірі. Ал жақында бұл мекеме жаңадан салынған ғимаратқа қоныс аударды. Ауданымызда жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Батыс» ықшам ауданындағы жаңа ғимаратты аралап көрді.

Осы ықшам ауданда бірнеше көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатқаны белгілі. Бекболат Орынбеков жұмыс сапары барысында «Батыс» ықшамауданында құрылысы жүріп жатқанүйлерді көріп шықты.

Сапар соңында депутаттар ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға сәттілік тіледі.  

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар