сәрсенбі, 6 қараша, 2024 0:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарымен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарымен кездесті
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарымен кездесті
Қазақстанның студенттер құрамасында 11 спорт түрінен 90 спортшы қатысты. Нәтижесінде құрама команда жалпы медальдық есепте 119 елдің арасынан 20-шы орынды иеленді. Кездесу барысында Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының спортшыларға жолдаған құттықтау сөзін оқып берді. Өз кезегінде Премьер-Министр студент жастардан құралған қазақстандық атлеттер осы халықаралық жарыстарда өзін лайықты көрсеткенін атап өтті. «Қазақстандықтар сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтады. Сіздер Қытайда еліміздің абыройын асқақтаттыңыздар», — деді Әлихан Смайылов. Әлихан Смайылов атап өткендей, бүгінгі таңда қазақстандық спорт жаңа есімдерге, яғни даңқты спортшылардың орнын басатын спортшыларға мұқтаж. Сондықтан да Универсиададағы бүгінгі жеңістер – бұл болашақтағы олимпиадалық жетістіктерге апаратын нақты қадам. «Үкімет атынан және жеке өз атымнан лайықты өнер көрсеткендеріңіз үшін барлық жаттықтырушылар мен жас спортшыларға, сондай-ақ ата-аналарыңызға алғыс айтамын. Біз сіздердің спорттағы жеңістеріңіз сыйлаған қуанышты сәттерге ризашылық білдіреміз. Сіздерден жаңа жетістіктер мен рекордтар күтеміз!», — деп түйіндеді ол сөзін. Бірнеше спортшы құттықтау сөз сөйледі. Кездесу барысында Үкімет басшысы ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар