дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 14:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚР Президенті сайлауына үміткерлерді ұсыну ертең басталады – ОСК

ҚР Президенті сайлауына үміткерлерді ұсыну ертең басталады – ОСК
ашық дереккөзі
ҚР Президенті сайлауына үміткерлерді ұсыну ертең басталады – ОСК
«Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннің келесі күнінде басталады. Яғни 2022 жылғы 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров. Кандидаттарға қойылатын талаптар: ҚР азаматы болуы; ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы; Жоғары білімінің болуы; Жасы 40-қа толған болуы; Белсенді сайлау құқығының болуы; Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі. «Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі», - дейді К. Петров. Оның айтуынша, әр кандидатты қолдау үшін 118 27333 сайлаушының қолы жиналуы тиіс.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар