Жаңалықтар

ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды штабы жұмысын бастады

ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды штабы жұмысын бастады

Елордада ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды штабы жұмысын бастады, деп хабарлайды  Жамбылинфо тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Штаб өкілдерінің айтуынша, сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізу үшін кабинеттер, техника және байланыс бар. Үгіт-насихат науқанынан бес күні бұрын штаб қызметкерлері сайлау заңнамасының талаптарымен танысты. Осылайша бүгін сағат 18:00-де республикалық штаб мүшелері ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованы қолдау жұмысына кірісті. Сондай-ақ, елордадағы штабта 10-ға жуық адам жұмыс істейді. Одан бөлек, еліміздің 20 өңірінде штаб филиалдары орналасқан. Штаб мүшелері үгіт-насихат науқанына дайындық жұмысы барысында ешқандай проблема туындамағанын атап өтті. Олар үгіт-насихат жұмыстарына дайын. Еске салсақ, Салтанат Тұрсынбекова ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылып, ресми тіркелді.