Жаңалықтар

Рақымшылық: 10 азамат бостандыққа шықты

Рақымшылық: 10 азамат бостандыққа шықты

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы заң қолданысқа енді. Осыған орай, өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен бірқатар азаматтар еркіндікке жолдама алды. Айта кетейік, мекемедегі жазасын өтеуші азаматтардың құжаты рақымшылық заңының талаптарына сәйкестендірілді. Осылайша, зерделеуден өткен 10 азамат бостандыққа шықты.