Рамазан айында жасыл аймақта орналасқан мешіттерге қандай талап қойылады?
Рамазан айында жасыл аймақта орналасқан мешіттерге қандай талап қойылады?
Рамазан айында жасыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар белгілі болды. Оны бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар жария етті. «Біз қазіргі қиын жағдайды ескере отырып, індеттің алдын алу, сақтану шараларын назарға алып құлшылық мәселесін үшке бөлдік. Ең біріншісі жасыл аймақ, сары және қызыл аймақта орналасқан облыс, қалалар үшін Жұма, тарауих, ауызашар өткізудің тәртібіне тоқталдық. Ең бастысы індеттің алдын алу, сақтық шаралары қатаң ескерілді. Азаматтарымыз да осы сақтық шараларына баса мән берсе екен», - деді наиб мүфти Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Осы ретте Ершат қажы Оңғар жасыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптарға тоқталып өтті. «Бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы мен ауызашар өткізудің тəртібі: намаз оқитын залдардың көлеміне қарай уақытымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу; мешіттің кіреберісінде тұрған антисептикалық құралдар мен санитайзерлерді пайдалану; Тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтау, қысқа сүрелер оқу, ауа-райы қолайлы аймақтарда мүмкіндігінше мешіт ауласында өткізу; Тарауық намазы рұқсат етілген мешіттерде Құран хатымды (1 парадан асырмай оқу) санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізу; мешіттерде намаз оқу (бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы) бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен қашықтық сақталған жəне толтырылуы 30 пайыздан аспаған кезде жүзеге асырылады. Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер жəне əйел) жəне жас балалар намаздарын үйлерінде оқуы қажет. мешітке кіруге міндетті түрде бетперде болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мешіт дəретханаларын қолдану барысында арақашықтықты жəне сантитарлық талаптарды сақтай отырып, мүмкіндігінше тез дəрет алған жөн», - деді ол. Оның атап өтуінше, бұл талаптар жергілікті бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгертілуі мүмкін. «Жасыл аймақтағы мешітте Құран оқытуға қатысты тəртіп те ұқсас. Неке бөлмелеріндегі іс-шаралардың жүзеге асу тəртібі де қарастырылған», - деді наиб мүфти. «Жасыл аймақтағы мешітте Құран оқытуға қатысты тəртіп те ұқсас. Неке бөлмелеріндегі іс-шаралардың жүзеге асу тəртібі де қарастырылған. Айта кетерлігі cары аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар да осыларға ұқсас болып келеді», - деді наиб мүфти.