Жаңалықтар
Рамазан айының қарсаңында уақытты дәл көрсетететін арнайы ресурс іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 13 сәуір, 2021
- 649
Рамазан айының қарсаңында уақытты дәл көрсетететін арнайы ресурс іске қосылды
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазстандарт арнайы уақыт ресурсы – мемлекеттік уақыт эталоны және жиілігімен сәйкестендірілген сағатты іске қосты.
Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті. «Мереке қарсаңында Қазстандарт мемлекеттік уақыт эталонымен және жиілігімен сәйкестендірілген – сағатты іске қосты (https://ramazan.ksm.kz).
Осы сағат арқылы ауыз бекіткен әрбір азамат Қазақстанның барлық өңірі бойынша күннің шығатын және бататын дәл уақытын біле алады. Ауыз бекіткен адамдар үшін әр минут маңызды. Біздің мемлекетімізде азаматтар бір-бірін көпшілік мерекелермен ғана емес, діни мерекелермен де құттықтайды. Бұл өзгенің таңдауына деген құрмет. Меніңше, Қасиетті ай, біздің көпконфессиялы халқымызды бұрынғыдан да біріктіре түседі. Қазақстанның әрбір отбасына бейбітшілік, жақсылықпен жаңару тілеймін!»,-деп жазды Бақыт Сұлтанов.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2026






