сәрсенбі, 9 қазан, 2024 17:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Реал Мадрид UEFA Суперкубогын жеңіп алды

Реал Мадрид UEFA Суперкубогын жеңіп алды
ашық дереккөзі
Реал Мадрид UEFA Суперкубогын жеңіп алды
Испанияның «Реал Мадрид» командасы футболдан UEFA Суперкубогының биылғы иегері болды. Финляндия астанасы Хельсинки қаласындағы «Олимпийский» стадионында өткен кездесуде испаниялық клуб Германияның «Айнтрахт» командасымен кубокты сарапқа салды. Кездесу барысында «Реал Мадрид» сапынан Давид Алаба 37-минутта есеп ашса, 65-минутта Карим Бензема қорытынды есепті белгіледі. Осылайша испаниялық клуб қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, кубокты жеңіп алды. UEFA Суперкубогының басталғанына биыл тура жарты ғасыр толып отыр. Қазірге дейін «Реал Мадрид» аталған турнирде жеті мәрте бақ сынады. Оның 4-інде жеңімпаз атанса, 3-інде қарсыласына есе жіберді. Ал «Айнтрахт» аталған турнирге тұңғыш мәрте қатыспақшы. Суперкубокты иелену жөнінен «Реал Мадрид» Испанияның «Барселона» және Италияның «Милан» командаларымен теңесті. Олардың әрбірінде бес-бестен кубок бар. Жалпы, мұндай атаққа барлығы 24 команда қол жеткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар