"Рэкетир ІІІ" фильмі Қырғызстанда прокаттан алынды
Бұл туралы Қырғызстандық "Синематика" кинотеатрлар желісі мәлімдеді
Қазақстандық "Рэкетир: жаңа кезең" фильмі Қырғызстандағы барлық кинотеатрлардан алынып тасталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Компанияның мәлімдеуінше, фильм көрсетілімнен алынғандықтан, билеттерін сатып алған азаматтар ақшасын қайтару үшін кинотеатр әкімшілігіне жүгінуі керек.
"Қырғыз тасмасы" мекемесінің шешімін орындаймыз. Егер фильмді көрсетсек, айыппұл салынуы мүмкін. Сол себепті билеттердің ақшасы қайтарылады. Сейсенбіде алдын ала сатылым ашылған еді, демалыс күндері билеттер белсенді түрде сатылды", – делінген кинотеатр желісінің хабарламасында.