Жаңалықтар

«Рекорд»: Әлем чемпионатында қазақ боксшылары бірінші орын иеленді

Жас боксшылары жалпы командалық есепте 17 медаль жеңіп алды

Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар  6 алтын, 1 күміс, 9 қола медальға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қазақтың ұл-қыздары 6 рет Мемлекеттік Гимнді шырқатып, алтыннан алқа тақты. Атап айтқанда, байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғаған Бексұлтан Боранбек (51 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Өнер Сейілхан (71 келі), Санжарәли Бегалиев (75 келі), Елянур Тұрғанова (50 келі) және Аружан Зейноллаева (81 келі) жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал әлем біріншілігінің күміс медалін Ұлдана Таубайға (66 келі) қанжығасына байласа, Диас Берікбай (48 келі), Жансері Көшербаев (57 келі), Расул Асанханов (92 келі), Аслан Елдібайулы (92 келіден жоғары), Әнел Абдрасилова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 келі), Толғанай Касымхан (60 келі), Аружан Жаңабаева (63 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі) және Панар Сейітханкызы (81 келіден жоғары) қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшылар жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленсе, Өзбекстан құрамасы екінші орыннан көрінді. Ал үздік үштікті ресейлік боксшылар түйіндеген.