Ресей Қазақстан азаматтарының елде уақытша болу мерзімін қысқартты
- авторjambylinfo.kz
- 1 қаңтар, 2025
- 236
Ресейге визасыз режим арқылы кіретін шетелдіктердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының сол елде уақытша болуының рұқсат етілген мерзімін қысқартылды, деп хабарлайды Jambylinfo. kz Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
ЕЛШІЛІК НЕ ДЕЙДІ
Бұл жөнінде ақпарат Қазақстанның Ресейдегі елшілігі сайтында пайда болды. Бүгіннен бастап Ресей федералды заңына сәйкес Ресейге кіретін шетел азаматтарының уақытша болу мерзіміне қатысты өзгерістер күшіне енеді.
Шетелдіктердің Ресейде болу мерзімі күнтізбелік жыл ішінде 90 күнге дейін қысқартылды. Бұрын олардың Ресей аумағында болу уақыты 180 күн ішінде 90 күннен аспауы тиіс еді.
Ресей аумағында оқуға, еңбек етуге, уақытша тұруға немесе баспана алуға келген азаматтар жылына 90 күннен астам уақыт бола алады.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖСН БЕРУДІ ШЕКТЕУІ
Бұған дейін Қазақстанның ішкі істер министрлігі елден тыс шетелдіктерге жеке сандық нөмірі (ЖСН) ақылы берілетіні жөнінде хабарландырулар тарағаннан кейін тексеруді бастаған еді. Ал елшіліктер Қазақстанның ЖСН-ін беруді жаңа жылдан бастап уақытша тоқтатады.
Жалпы 2024 жылы шетелдік 435 408 азаматқа Қазақстанның жеке сандық нөмірі берілген. Оның ішінде 233 013-і Ресей, 121 719-ы Өзбекстан, 13 846-ы Тәжікстан, 9308-і Қырғызстан азаматтарына тапсырылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз