Жаңалықтар
Ресей мектебіндегі атыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
- авторjambylinfo.kz
- 26 қыркүйек, 2022
- 260
Ресей мектебіндегі атыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Ресейдегі Ижевскіде болған атыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Олардың арасында 7 бала бар. 21 адам жарақат алды, оның 14-і – балалар. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбан болғандар саны 13 адамға жетті. Олардың 6-ы- ересек адам болса, 7-і – бала. Тағы 14 бала мен жеті ересек адам жарақат алды», - деп нақтылады Тергеу комитеті.
Бұған дейін аталған қайғылы оқиғадан 9 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.
Ресей ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, атыс ұйымдастырған ер адамның мәйіті табылды, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
«Полиция оқ атқан ер адамның мәйітін тапты. Қолда бар мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған», - деді ведомствоның баспасөз қызметі. Тергеу комитеті бұл ақпаратты растады.
Ресейдің Ұдмұртия республикасындағы Ижевск мектебінде болған атыстан кейін 26-29 қыркүйек аралығы аза тұту күні болып жарияланды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз