Ресей мектебіндегі атыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Ресей мектебіндегі атыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Ресейдегі Ижевскіде болған атыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Олардың арасында 7 бала бар. 21 адам жарақат алды, оның 14-і – балалар. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. «Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбан болғандар саны 13 адамға жетті. Олардың 6-ы- ересек адам болса, 7-і – бала. Тағы 14 бала мен жеті ересек адам жарақат алды», - деп нақтылады Тергеу комитеті. Бұған дейін аталған қайғылы оқиғадан 9 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Ресей ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, атыс ұйымдастырған ер адамның мәйіті табылды, ол өз-өзіне қол жұмсаған. «Полиция оқ атқан ер адамның мәйітін тапты. Қолда бар мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған», - деді ведомствоның баспасөз қызметі. Тергеу комитеті бұл ақпаратты растады. Ресейдің Ұдмұртия республикасындағы Ижевск мектебінде болған атыстан кейін 26-29 қыркүйек аралығы аза тұту күні болып жарияланды.