Ресей президенті Тоқаевты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 мамыр, 2025
- 227

Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz kremlin.ru сілтеме жасап.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Туған күніңізбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз.
Сіздің мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Бұл қарым-қатынас Ресей мен Қазақстанның бауырлас халқының игілігі және еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесі үшін алдағы уақытта да жемісті дамитынына сенімдімін.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке және мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін", - делінген Владимир Путин жолдаған құттықтау жеделхатында.