Жаңалықтар

Ресей президенті Тоқаевты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады

The final spritzer

Құттықтау Кремльдің ресми сайтында жарияланды.

Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  kremlin.ru сілтеме жасап.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Туған күніңізбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз.

Сіздің мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Бұл қарым-қатынас Ресей мен Қазақстанның бауырлас халқының игілігі және еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесі үшін алдағы уақытта да жемісті дамитынына сенімдімін.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке және мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін", - делінген Владимир Путин жолдаған құттықтау жеделхатында.