Жаңалықтар

Ресей әскері Запорожьеге дронмен шабуыл жасады

The final spritzer

Оқиға 21 наурыз күні орын алған

Ресей әскері Запорожьеге дронмен шабуыл жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

21 наурызда Ресей әскері Украинаның Запорожье қаласына "Шахед" типті 12 дронмен соққы берді. Шабуыл салдарынан тұрғын үйлерге зақым келіп, өрт шықты, азаматтық инфрақұрылым нысандары қирады. Көпқабатты және жеке үйлер бүлінген.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, үш адам қаза тапты, олардың арасында 14 жастағы қыз бар. Сонымен қатар, 12 адам жарақат алған.

Бұдан бөлек, Киевте ресейлік дронның қалдықтары Подольск ауданындағы тұрғын үйдің шатырына құлап, өрт тұтанды. Жалын үш қабатты үйдің жоғарғы қабатынан мансардалық деңгейге дейін таралды. Өрт сөндірушілер төрт адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.