Жаңалықтар

Ресейде 30 жасқа дейінгі жастар әскерге шақырылуы мүмкін – БАҚ

Ресейде 30 жасқа дейінгі жастар әскерге шақырылуы мүмкін – БАҚ

Ресей Мемлекеттік думасы Қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Картаполов биылғы көктемде 30 жасқа дейінгі жастарды армияға шақыру жоспарланғанын хабарлады. Бұл туралы ол «Парламентская газета» басылымына берген сұхбатында айтты. «Көктемгі әскерге қабылдау науқанына дейін әрбір әскери комисариат қанша адам жаңа талапқа сай келетінін анықтауы тиіс. Сосын осы мәліметті әскери мақсатқа алмастырады», – деді ол. Оның айтуынша, әзірше әскерге қабылдау жасын 30 жасқа дейін көтеру туралы мәселе көтеріліп отыр. «Әскери комиссариатта 21 мен 30 жас аралығында әскерге бармаған 100 адам бар делік. Мақсат әскер қатарына 200 адамды шақыру болса, жартысын 18 жастағылар, қалғанын 21 мен 30 жас аралығындағылар толтырады», –  деді депутат. Қазір қолда бар дерекке қарағанда, Ресей тұрақты әскерінің санын 2 млн адамға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы ақпаратты Украина барлауы жариялады. Ресей алғашқы мобилизация кезінде әскерге 300 мың адамды шақырды. Енді әскерге ішінара жұмылдырудың екінші толқын жармялауды мақсат етіп отыр. Оған шамамен 500 мың адам шақырылады делінуде. Бұл Ресейге қосымша резерв жасауға мүмкіндік береді.