Жаңалықтар

Ресейдегі теракт: «Пикник» тобының көмекшісі Екатерина Кушнер террорлық акт кезінде қайтыс болған

«Пикник» тобының көмекшісі Екатерина Кушнер «Крокус Сити Холлдағы» теракт кезінде қаза тапты.

Бұл туралы әртістер өздерінің VK-дағы парақшасында мәлімдеді.

Екатерина Геннадьевна Кушнер «Крокус Сити Холлдағы» террорлық акт кезінде қаза тапты. Ол мәңгі есімізде қалады, - делінген мәліметте.

Топ өкілдері оны екі күн бойы іздеп, бүгін оның күйеуі қаралы хабарды жеткізген.

Азина Естай
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті