Жаңалықтар

Ресейлік телеарналар Қазақстанда хабар таратуын тоқтатпақ

Ресейлік телеарналар Қазақстанда хабар таратуын тоқтатпақ

«Билайн» компаниясы Қазақстан аумағында ресейлік ақпараттық телеарналардың трансляциясын тоқтату туралы шешімге келді. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, 5 қазаннан бастап олар еліміздің аумағында көрсетілмейді.

Олардың орнын «Еврокино», «Любимое Кино», «1HD music» және «Еда Премиум HD» арналары баспақ.