жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ресми: Қазақстанда Мұғалімдер күні енді 5 қазанда мерекеленеді

Ресми: Қазақстанда Мұғалімдер күні енді 5 қазанда мерекеленеді
ашық дереккөзі
Ресми: Қазақстанда Мұғалімдер күні енді 5 қазанда мерекеленеді
Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі. ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады. Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді. Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Kaspersky Antivirus Assessment
Алдыңғы мақала
Kaspersky Antivirus Assessment

Ұқсас жаңалықтар