Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалы балаларды Жаңа жылмен құттықтады
Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалы балаларды Жаңа жылмен құттықтады
Мерекеге сай безендірілген зал, түрлі — түсті шамдармен жарқыраған шырша және жаңа жылдық костюм киген 15 бүлдіршін - Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалы балаларға мерекелік кеш өткізді. Мерекенің басты кейіпкерлері - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар. Аяз Ата, Ақшақармен бірге балалар ертегі әлеміне қызықты саяхатқа шықты. Мерекелік кеште ән-биден шашу шашылып, ойындар ойнатылды. Қонақтар үшін фуршет дайындалды. Балаларға облыстық филиал төрағасы Нұрсұлтан Оспанов пен облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Темірхан, партияның белсенді мүшесі Сымбат Қалижанқызы жаңа жылдық сыйлықтарды табыстады. - Жаңа жыл қарсаңында ересектер Аяз Атаның көмекшілері ретінде балаларға ең қымбат тілектері мен армандарын орындауы керек деп есептейміз, - дейді Н.Темірхан. Сонымен қатар, Respublica партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Оспанов, филиалдың жастар бірлестігінің жетекшісі Дархан Байпақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын берді.