Жаңалықтар

«Республика күні- бейбітшіліктің символы» тақырыбында мерекелік іс-шара

«Республика күні- бейбітшіліктің символы» тақырыбында мерекелік іс-шара

  Ағымдағы жылдың 21 қазан күні  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатында 25 қазан-Қазақстан Республикасы күніне арналған «Республика  күні- бейбітшіліктің символы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.  4 кезеңнен өткен шараға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бас маманы Сәуле Жұмалиева,  «Дарын» лицей-интернатының қамқоршылық кеңесінің  төрағасы Сембек Сейдазимов, Жастар саясаты орталығының   жастар ісі жөніндегі инспекторы  Алтын Баймаханова, М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ жоғарғы оқу орнының тарих ғылымының  магистрі, аға оқытушы  Рахат Тобаджанов,  14157 әскери бөлімінің  қызметкерлері  Гүлмира Ақшалова   мен  Назгүл Мұсабекова  қатысты. «Егемендік – елдіктің белгісі» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел барысында қатысушылар егемендіктің қалай келгендігін, тәуелсіздігіміздің негізгі белгілері туралы пікір алмасып, елдігіміздің негізгі нышандары – мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет, елімізді, жерімізді қорғау, көркейту үшін қандай қадамдар жасалу қажеттігі туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар осы мерекенің шығу тарихы, биылғы жылғы ұлттық мереке ретінде аталып өтілуі, айтулы мерекенің тарихи маңызы туралы баяндалды. Кітапханашылар А.Өміралиева мен В.Акилованың ұйымдастыруымен Кенесары ханның 220 жылдығына орай  «Қазақтың қамал қорғаны, Егемен елдің еңселі ері» мен Республика күніне арналған тарихи сағат өткізілді. Шара барысында Кенесары Қасымұлының тарихи тұлғасы, ерліктері туралы баяндама жасалды. Хан Кенесары Қасымұлы өмірі мен қызметі мысалында қазақ батырлары, ұлт-азаттық қозғалыстың бірнеше ұрпақтары тәрбиеленіп шыққандығына,  бүгінгі егемендігіміз – ата-бабамыздың елі үшін жасаған ерліктерінің нәтижесі екендігіне   баса назар аударылды. Сондай-ақ «Жаңа Қазақстан – жастарға жаңа мүмкіндік» тақырыбында дебат өткізілді. Дебат барысында спикерлер бүгінгі таңдағы жастардың мәселесін көтере отырып, жастарға арналған бағдарламалар, жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы пікір алмасып, күрделі мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Жасөспірімдердің бойында отанға деген сүйіспеншілігін ояту, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Қазақстан – кең байтақ туған өлкем» сурет байқауы, «Ұлттық қолөнер мәдениеті: ою-өрнектердің тұрмыстық заттарда бейнелену ерекшелігі» тақырыбында өткізілген шеберлік сағатының маңызы зор болды. Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар легін «Республика күні- тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы» атты мерекелік концерт жалғады. Мерекелік шаралар нәтижесінде дарынды оқушылар өткенге тағзым ете отырып, болашаққа жарқын көзқараспен ой жүгіртті, тәуелсіздік, отан, туған ел, жер туралы ән-жыр айтып, рухани мол азық алды, отансүйгіштік сезімдерінің жандануына септігін тигізді.