Жаңалықтар

Республикалық референдум тақырыбы жан-жақты талқыланды

Аталған шара жаңа Конституция жобасын таныстыруға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталды.

Қордай ауданына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен келіп, ауданның зиялы қауым өкілдерімен алқалы жиын өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесудің негізгі мақсаты – 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен түсіндіру.

Аталған шара жаңа Конституция жобасын таныстыруға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталды.

Жиын модераторы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев еліміздің саяси жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан реформаларға тоқталды. Ол референдумның стратегиялық мәнін, қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлін және саяси жаңғыру үдерісіндегі орнын атап өтті. Жиынға аудан әкімі Бегзат Болатбеков қатысты.

Алғашқы сөз кезегі Қордай аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Нұржан Молдабековке берілді.

Сонымен қатар, референдум азаматтардың мемлекет басқару ісіне тікелей қатысуына мүмкіндік беретінін, ұлт болашағын айқындауда халық пікірінің маңызы зор екенін атап өтті.

Бұдан кейін аудандық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мықтыбек Алтыбай сөз алып, елдің ұлттық жаңғыру кезеңінде тұрғанын айтты. Оның пікірінше, Конституция жобасының қызу талқылануы – қоғамның белсенділігін көрсетеді. Ол референдумның қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне ерекше тоқталды.

Сондай-ақ аудандық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Камила Дургалова мен «Отечество» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Любовь Харченко сөз сөйлеп, референдумның мемлекет үшін де, өздері өкілдік ететін этнос топтары үшін де маңызды екенін жеткізді. Олар ұлттық бірлікті сақтау, мәдениет пен дәстүрді дамыту, жастар арасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды атап өтті.

Жалпы, кездесу барысында спикерлер жаңа Конституция жобасының басымдықтарына тоқталып, оның саяси жүйені жаңғыртудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтудегі, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдірудегі маңызына жан-жақты түсінік берді.

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жиын барысында республикалық референдумның маңыздылығы жөнінде алды. Ол жиын тақырыбының өзектілігін атап өтіп, референдум демократиялық қағидаттарды нығайтуға серпін беретінін жеткізді. Оның айтуынша, әрбір азаматтың дауыс беруі – мемлекет басқару ісіндегі жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымының айқын көрінісі. Өз сөзінде Мәлік Отарбаев:

Шара Қордай ауданының мемлекеттік архивінің мәжіліс залында жалғасты. Мұнда ҚР Президентінің кеңесшісі аудандық мешіт имамдарымен кездесіп, референдумның мән-маңызы жөнінде пікір алмасты. Алғашқы сөз Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлына берілді. Бас имам өз сөзінде ел бірлігі мен тұрақтылығының маңызын атап өтіп, қоғамдағы татулықты сақтауда рухани құндылықтардың орны ерекше екенін айтты.

Кездесуде Мәлік Нұржанұлы референдумның ел болашағына тікелей ықпал ететінін, саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ діни ұйымдардың қоғамдағы рөлі, рухани келісімді сақтау мәселелері қозғалды. Имамдар дін мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Кездесу барысында айтылған пікірлер мен ұсыныстар республикалық референдумның ел болашағы үшін маңыздылығын айқындай түсті. Жаңа Конституция жобасын талқылау – қоғамның саяси белсенділігін арттырып, азаматтардың мемлекет тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Алдағы референдум – әрбір азаматқа ел дамуының келесі кезеңін айқындауға қатысу мүмкіндігін беретін маңызды тарихи сәт.