Ресторандарды жалға алу қымбаттады – ұлттық статистика
Ресторандарды жалға алу қымбаттады – ұлттық статистика
Қазақстанда мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарының арендасы бір жылда ең көп қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2022 жылдың төртінші тоқсанында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% қымбаттаған. Аренда бағасы ең көп мейрамханалар мен тамақтану орындарына көтерілген. «Осылайша, қойма, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану пунктерін жалға алу бағасы 4,1% өсті. Көлік жуу пунктерін жалға алу 4,3% қымбаттады, одан кейін тұрмыстық қызмет көрсету, сервис пунктері – 3,8%, валюта айырбастау орындары – 3,4%, сауда үйлеріндегі орындар – 1,9%, паркингтер – 1,5%, әкімшілік кеңсе орындары 1,4% қымбаттады», - делінген статистика мәліметінде.