РФММ базасында Орта Азиядағы алғашқы Apple оқу орталығы ашылды

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді
РФММ базасында Орта Азиядағы алғашқы Apple оқу орталығы ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Орта Азияда Apple Authorized Training Center for Education (AATCE) мәртебесін иеленген тұңғыш білім беру мекемесі атанды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл мәртебе мектептің цифрлық пәндерді оқыту және IT мамандарын даярлау саласында Apple компаниясының халықаралық стандарттарына сай екенін растайды.
Мектеп оқушыларына арнайы әзірленген оқу бағдарламасы «Develop in Swift» сертификатталған курсын қамтиды. Бұл курс Swift бағдарламалау тілін меңгеріп, iOS жүйесіне арналған мобильді қосымшаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.