Жаңалықтар

Риддер қаласының әкімі қайтыс болды

Риддер қаласының әкімі қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Дмитрий Анатольевич 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «құқықтану» мамандығы бойынша және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде бастады. 2015-2020 жылдар аралығында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Риддер қаласының әкімі лауазымына 2020 жылдың қыркүйек айында тағайындалған.