Жаңалықтар

Риддерде 22 мың отбасы жылусыз отыр

Риддерде 22 мың отбасы жылусыз отыр

Қаладағы жылу электр орталығынан тағы да ақау шықты. Жағдайға байланысты қаладағы балабақшалар уақытша қызметін тоқтатты, ал оқушылар қашықтықтан оқу форматына ауыстырылды. Шұғыл түрде ақауды жою жөніндегі штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді.