бейсенбі, 3 қазан, 2024 1:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Рим Папасы Францисктің Қазақстанға сапарының ұраны мен логотипі жарияланды

Рим Папасы Францисктің Қазақстанға сапарының ұраны мен логотипі жарияланды
ашық дереккөзі
Рим Папасы Францисктің Қазақстанға сапарының ұраны мен логотипі жарияланды

Рим Папасы 13-15 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жұмысына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ сайты.

Vatican News сайтының мәліметінше Рим Папасы Францисктің Қазақстанға сапарының ұраны мен логотипін жариялаған. Апостолдық сапардың "бейбітшілік пен бірлік елшілері" ұраны логотиптің жоғарғы жағында қазақ тілінде, ал төменгі жағында орыс тілінде жазылған. Ортасында тұмсығында Зәйтүн бұтағы бар Көгершін бейнеленген. Құстың қанаттары бейбітшілік пен бірліктің хабаршыларын білдіретін екі қол түрінде бейнеленген. Қанаттардың ішінде орналасқан жүрек махаббат, өзара түсіністік, ынтымақтастық пен диалогтың жемісі. Зәйтүн бұтағы қазақтың ою-өрнектерімен бейнеленген, оның жасыл түсі үмітті білдіреді. Артқы жағында көгілдір түсті шаңырақ, оның ішінде — сары крест. Логотипте Қазақстан туының аспан түстес көгілдір және сары түстері, сондай-ақ Ватикан туының ақ және сары түстері қолданылған, - деп түсіндірді Ватиканның баспасөз қызметі.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар