бейсенбі, 20 наурыз, 2025 0:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ринат Зайытов: Ата заңымыз бойынша мемлекеттің басты байлығы банк емес, халық екенін ұмытпайық!

Ринат Зайытов: Ата заңымыз бойынша мемлекеттің басты байлығы банк емес, халық екенін ұмытпайық!
коллаж:Jambylinfo.kz
Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстанда онлайн алаяқтық күн санап күшейіп, мыңдаған азаматтың шотындағы ақшаны жымқырумен қатар, олардың атына сырттай несие рәсімдеу деректері жиілеп барады. 

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов осы мәселеге алаңдаушылық білдіріп, Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, алаяқтық әрекеттердің кейбіріне банк қызметкерлері мен жергілікті орган өкілдерінің қатысы бары дәлелденгенімен, банктер бұл үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.

Қаңтар-ақпан айларында банк қызметкерлеріне қатысты 250-бап (өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша 15 іс, ал 254-бап (міндеттеріне адал қарамау) бойынша 17 іс қозғалған. Алайда банктер өздерінің салғырттығынан зардап шеккен азаматтарға көмектесудің орнына, керісінше, олардың шоттарын бұғаттап, мәселені ушықтыра түсуде. Осыған байланысты Ринат Зайытов кибералаяқтардың құрбаны болған азаматтардың банктік шоттарын бұғаттауға тыйым салып, олардың шоттарын бұғаттан шығаруды, сондай-ақ банктерді алаяқтықтан келген шығындарды өтеуге міндеттеуді ұсынды.

Оның пікірінше, қаржы жүйесінің әділдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін банктер халықтың мүддесін қорғауға жауапты болуы тиіс.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар