"Ринат Зайытовтың 7 күн уақыты бар": Депутат жерлестері сыйлаған көлікті мемлекетке қайтаруы тиіс
- авторjambylinfo.kz
- 23 шілде, 2024
- 1.3k
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Ақсуат жұрты сыйлаған көлікті сатып, оның ақшасын 7 күннің ішінде бюджетке құюы тиіс, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Журналист Гүлбану Әниятқызы желідегі парақшасына этика бойынша депутатқа сыйлық алуға болмайтынын жазған.
“Ақсуат жұрты Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа көлік сыйлапты. Ақын емес пе, эмоцияға беріліп қалтасындағы барын халыққа шашып жатыр. Тіпті, пиджагына дейін шешіп берді. Ал журналистер этика бойынша депутатқа сыйлық алуға болмайды деп жатыр. Ринат жеті күн ішінде көлікті сатып, ақшасын бюджетке құюы керек екен”, – деп жазды журналист.
Заң бойынша Зайытовтың осы көлікті Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөліміне тапсыру үшін жеті күн уақыты бар.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз