Жаңалықтар

«Әріптесім үшін ұялып отырмын»: Меруерт Түсіпбаева 40 миллионға ұлына көлік сыйлаған Мадина Сәдуақасоваға шүйлікті

Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, әріптесінің бұл әрекеті асыра сілтеу әрі мақтану

Кешелі бері желіде әнші Мадина Сәдуақасова ұлына қымбат көлік сатып алып бергені туралы ақпарат шықты. Әншінің бұл әрекетін бірі жақтаса, енді бірі даттап жатыр. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Түсіпбаева әріптесін сын тезіне алды,-деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

“Мен 20 жастағы балама қымбат көлік сыйлағанымда, екі ай бойы ұялып жүрді. Көлікті курстастары көрмесін деп, университеттің ауласына кірмей, машинасын тығып жүрген. Бір көше жетпей тоқтап, жаяу қатынапты. Маған да, “Мама, машинаны инстаграмға салмашы” дегенде мен қатты қуандым. Шүкір деп, риза болдым. Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда мынасы ұят болды Мадинаның. Асыра сілтеу әрі мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Сөзім жоқ”, – деп жазды әнші.