Жаңалықтар

Ризабек Айтмұқан - әлем чемпионы

Спортшы былтыр ересектер арасында әлем чемпионатында топ жарған

Испанияның Понтеверде қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұқан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Еркін күрес шебері 97 келіде бақ сынады. 

Ризабек финалда әзербайжандық 
 Хетага Карсановны 10-0. есебімен жеңіп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. 

Еске салайық, Ризабек Айтмұқан былтыр 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Содан кейін ересектер арасында әлем чемпионатында алтын жүлде еншіледі. Ол уақытта отандасымыз 92 келіде бақ сынаған.