бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 12:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Россия-1» арнасында тараған видео: Депутат Бас прокуратураға жүгінбек

«Россия-1» арнасында тараған видео: Депутат Бас прокуратураға жүгінбек
ашық дереккөзі
«Россия-1» арнасында тараған видео: Депутат Бас прокуратураға жүгінбек
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Россия-1 арнасында Қазақстанға қарсы сөз сөйлеген спикердің әрекеті жөнінде пікір білдірді. Депутат Бас прокуратураға жүгінгелі отыр, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстанда өзге ұлттарға көрсетіліп жатқан ұлтшылдықтың ешқандай көрінісі жоқ. Ол азаматтар сыртта жүріп, тон пішпей-ақ қойсын. Ол азаматтар кеше ғана Z-имамның бізге келемін деп (Шәміл Аляутдиновты айтып отыр – авт) соңында өзіне айтылған сынға кереғар пікірін айтып, біздің оқырмандарды кемсіткенін де көрдік. Сол себепті сепаратистік көзқарастарды көбінесе сол жақтағы спикерлерден, инфлюенсерлерден мен инфосығандардан естіп жатамыз», - деді Елнұр Бейсенбаев.
Депутаттың айтуынша, Ресей жақтан естілетін мұндай позицияларға депутаттар да, президенттің өзі де жауап берген.
«Егер олар білгісі келсе, осында тұратын 30 пайыз орыс ұлтының азаматтарынан нақты жағдайды сұрап білсін. Оларды сарапшы деңгейіне көтерудің қажеті жоқ. Хейт жасап, өз аудиториясында танымалдыққа ие болып жүргендер. Оларға тек лайк керек», - дейді ол.
Елнұр Бейсенбаев күні кеше ғана Россия-1 арнасындағы спикерлердің бірінің Қазақстанды «Ресейдің Украинадан кейінгі проблемасы» деп атаған видеосын әлі көрмегенін айтып өтті.
«Бірақ егер бізді олар нацистік мемлекет деп, сол елдің азаматы айтып жатса, міндетті түрде Сыртқы істер министрлігі реакция білдіруі керек. Алайда қандай форматта айтқанын тексеру керек», - деді ол.
Елнұр Бейсенбаев сөз соңында Ресей арналарынан тараған видеороликтердің бәрін жинап, Бас прокуратура мен Әділет министрлігіне хат жазатынын, ол органдардан роликтерге құқықтық баға беруін талап ететінін айтты.
«Егер негіздеме анықталса, депутаттық сауал жолдап, Ақпарат және қоғамдық даму министрін шақырайық. Ол министр қандай телеарналар сондай ақпарат таратып отырғанын анықтасын: соған сәйкес шара қабылдаймыз», - деп түйді депутат.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар