дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 2:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Роза Рымбаева әже атанды

Роза Рымбаева әже атанды
ашық дереккөзі
Роза Рымбаева әже атанды
Қазақ эстрадасының маңдайалды әншісі Роза Рымбаева немерелі болды. Бұл қуанышты жаңалықпен әншінің әріптестері әлеуметтік желіде бөлісіп, өнер иесін құттықтап жатыр, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Роза апа, Әже атануыңызбен құттықтаймын! Немереңіздің бауы берік болсын! Әли мен Мәдиден туған немерелеріңізбен көңіліңіз шаттанып, жаныңыз қартаймай жарқырап жүре беріңіз! Бізді табыстырған өнер атты киелі сахна болса, сізден үйренеріміз көп.Сіздегі өнерге адалдық, отбасына махаббат, аналық тәрбие, еңбек, шығармашылық, кәсіби профессионализм, көрегендік адамгершілік қасиеттеріңіз бізге үлгі. Қуанышыңыз құтты болсын, Қуанышқызы Роза апай!",- деп жазды Айгүл Елшібаева Instagram парақшасында. 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар