"Өрт қауіпі сақталады": "Қазгидромет" бірнеше облыста аптап ыстық болатынын ескертті
- авторjambylinfo.kz
- 30 маусым, 2024
- 525
«Қазгидромет» 30 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталатынын және бірнеше өңірде аптап ыстық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "jambylinfo.kz.
"Республикамыздың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр жауады, Қазақстанның солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - найзағай, бұршақ, дауыл, желдің екпін алуы. Оңтүстік өңірде шаңды дауыл соғады деп күтіледі", -деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Сондай-ақ, синоптиктер Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу, Ұлытау Ақмола, ШҚО, Жамбыл тағы да бірнеше облыста аптап ыстық сақталатынын, соған байланысты аталған өңірлерде өрт қауіпі жоғары болып отырғанын ескерткен.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз